ҚАЛАЙМЫН ТЕК, МАХАББАТТЫҢ ГҮЛДЕУІН ...

Біздің демеуші






ҚАЛАЙМЫН ТЕК, МАХАББАТТЫҢ ГҮЛДЕУІН ...

Арманымның асқар тауы сен бедің,
Сезімім биіктеп, жүрегімде тербелдің.
Өзіңе гүлім, бағынар жүрек, бағынар,
Сен болсаң екен жалғыз ғана сенгенім.

Сезім оты мазданып жанып жүректе,
Қайтейін енді махаббат атты гүл ексе.
Ұсынам жалғыз өзіңе ғана, өзіңе,
Мендегі сезім пердесін гүлім, кірлетпе.

Қандай жансың, жанарыммен таласар,
Күн-түн демей ойымменен санасар.
Қабыл ал жағыз менің берген гүлімді,
Сондағана жанымыз біздің жарасар.

Сезім тасытқан таң қалудамын көзіңе,
Дірілдеп шыққан күлкіңе және cөзіңе.
Сезімді енді сезгендеймін жаңадан,
Тәуелді менің жүрегім жалғыз өзіңе.

Тұла бойыңда кереметтей бар мүсін
Сен шығаршы жүрегімнің жарғысын
Ғашық отына күйермінде, жанармын
Өмірімде жоқпысың, әлде бармысың

Қаламаймын қара аспанның төнгенін,
Қаламаймын сезім шырағы сөнгенін.
Жүректе жанған бар сезімді ұсынып,
Қалаймын тек,махаббатымның гүлдеуін.

 

© Құдайберген Есжан 


newwhiter

Толық тізім