Мен қазақтың қызымын

Біздің демеуші






Мен қазақтың қызымын

Мен қазақтың қызымын неткен көркем,
Жайлауында қазақтың өстім еркем.
Ұл-қыздары ғажайып өсіп міне,
Өйткені бұл менің туған өлкем.

Мен қазақтың қызымын қарапайым
Құлпырып өсіп клем әр күн сайын
Достарыма әрқашан сыйлы болып,
Арманымның орындалуын тек қалаймын.

Мен қазақтың қызымын жаны жайсан.
Қазақтың мақтанышы дәл осыдан.
Ұрпағы ұлағатты ұстаздардан.
Қазағымды мен өзім мақтан тұтам.

Мен қазақтың қызымын дара туған,
Көзімнің қарасы мөлдір судан.
Қыз-Жібектей өсірген бұрымдарын,
Қазақтың қыздарына мен қайран қалам.

 

© Гүлжамал Тұрсынбай 


newwhiter

Толық тізім