Түсініксіз сезім

Біздің демеуші






Түсініксіз сезім

Менің неге сізде боп жүр көңілім,
Түсінбестей болып кетті өмірім.
Ояндыма қайта сөнген сол сезім.
Қуанғандай мұңға толы бұл көзім.

Жыр жазайын,ғашығыма арнайын,
Бұл жүрегім сіз дегендей әрдайым.
Сіз маған ұсынсаңыз бір шоқ гүл,
Ал мен сізге жүрегімді сыйлайын.

Сырласады екі дос-та бірімен,
Келіңізші,сырласыңыз менімен.
Жалғызсырап қалғанда сіз оқыңыз,
Жазғанмын мен бұл өлеңді түнімен.

Аспанда ай,жұлдыздар да жарқырап,
Маған қарап “кел” дегендей талпынат.
Кетіп қалсам сізді тастап егерде,
Мен кеткенде жаныңызда кім қалат?

Ойламадым жолығам деп сізбенен,
Мүмкін,тағдыр екеумізді осылайша көздеген.
Жатсам да,тұрсам да содан бері,
Ой-санамды,махаббатың музыкасы тербеген.

 

© Гүлжамал Тұрсынбай 


newwhiter

Толық тізім