Мен сені сүйдім

Біздің демеуші






Мен сені сүйдім

Мен сені сүйдім, жаныммен сүйгем,қалқам-ай,
Өзге қыздардың өзгешеліктерін байқамай
Өзіңе сай боп, өзгерем деген мақсатпен-
Жасырынамын, көріну үшін жақсы атпен
Қиналып санам, сағымдарменен сен өткен
Ұялып қалам, түсініксіз "терең" себептен.
Саған керегі шынайылығы әрбір ісімнің
Енді түсіндім, астарын асқақ "мүсіннің".

Мен сені сүйем, әлі де сүйем шаршамай,
Мендік жылумен бақытыңа қарай бар солай
Адасып кетсең, Өмір атты мына орманда
Ұмытпағайсың, жан барын жүрген армандап.
Құлыптағайсың, сезімімді жатпай жақтырып,
Ұмытсаң болат, тұңғиыққа терең лақтырып.
Онсыз да менің нем қалды дейсің қайғыдан
Саған сездірмес, сезімді жұртқа жайдырған
Үңіліп сен деп, түңіліп жүрмін өзімнен
Жеңіліп тағы, сендегі суық сезімнен.

Талай жылдарда табысып дос боп жүргесін
Сен енді менің ғұмырымменен біргесің!
Мен енді сенің тұмарым деген жарыңа
Бақыт тілермін!
...кетсе-де көкірегім жарыла...
Айта кетсең болғаны, ентігім бір күн басылар
Қайта келсең арманым, құшағым сен кеп ашылар...

 

© Еркасимов Азамат 


newwhiter

Толық тізім