"СҮЙМЕЙМІН"!

Біздің демеуші






"СҮЙМЕЙМІН"!

Сен өзгемен жүргенде "ах" ұрмадым,
Тұрды бірақ сұрақтар басымда мың.
Алма-кезек дүниені көрмеймісің,
Енді өзіңе қайтарып жатыр бәрін.

Бұрын сені күткенмін құлап-талып,
Оңашада жүргенмін жылап та алып.
Енді не деп қызғанасың, түсінбеймін?!
Кеткенімде өзіңнен жырақтанып.

Бір кездері бұрылмай кетіп едің,
Енді неге сыршылдай шешілдің-ақ?!
Қашан менің бағама жетіп едің?
Енді сені "СҮЙМЕЙМІН"! Кешір бірақ...

 

© Құндыз Қайратқызы 


newwhiter

Толық тізім