Сырласу

Біздің демеуші






Сырласу

Алла жалғыз саған ғана сенемін,
Өзің айтшы маған ненің керегін.
Осы шақта махаббатта керек қой,
Онда неге әлі іздеп келемін!

Болашақта табамын-ау сеземін,
Басқаларда күтіп жатыр кезегін.
Мейлі жарым жер түбінде тұрса да,
Сол жар үшін дүниені кеземін!

Тапсам болды ақылдысын, сұлуын
Кездескен соң жылытады жылуым.
Тапқаннан соң міндетім боп қалады,
Өмірдегі ең бақытты қылуым!

 

© Миржас. БҚМУ, 2-курс. 


newwhiter

Толық тізім