Бақытымсың

Біздің демеуші






Бақытымсың

Қызықсыз, түссіз өміріме,
Сән берген қызыл гүлімсің.
Қараңғы суық көңіліме,
Жарық берген күнімсің.

Жайқалып өскен бағыма,
Бұралған нәзік қайыңсың.
Нұрын сепкен жаныма,
Сәулелі әсем айымсың.

Шөлдеген кезде сезімге,
Мөлдір таза бұлағымсың.
Озіңді сағынған кезімде,
Тербетер жанды жыр-әнімсің.

Жүрекке жақын өмірдегі,
Сырымды ұғар сыңарымсың.
Махаббат деген сезімдегі,
Мойыныма таққан тұмарымсың.

Арайланған сен ақ таңым,
Ең асылым, жақұтымсың.
Дүниедегі бар тапқаным,
Барлығымсың, бақытымсың.

 

© Нұржан Арыстанбеков 


newwhiter

Толық тізім