Мен сені сүйем!

Біздің демеуші






Мен сені сүйем!

Көзімді жұмсам, елесің тұрар алдымда,
Көркіңмен мені сиқырлап жаным алдың ба.
Іздейді әркез көздерім сені тынымсыз,
Бағым деп білдім, байланып саған қалдым да.

Түндерде жалғыз ойлаумен сені көз ілемін,
Түсімде саған ақ бұлттарда кезігемін.
Болмасаң да қасымда әр кез менің,
Үнемі бірге жүргендей боп сезінемін.

Адамның бәрі, бір жанды сүйіп қиялдайды,
Бәрі де бірдей қадірін бірақ біле алмайды.
Ешкімде жоқ өзіңдей сұлу, жалғызсың,
Сол себепті мендей ешкім суйе алмайды.

Білемін ешкім мәнгілік өмір сүрмейді,
Әмірін жанға жүргізе берсін түн мейлі.
Сүйем деп сені айтамын жиі себебі,
Атарын таңнын, атпасын ешкім білмейді.

Мен сені сүйем,
Өмірімнің өткелінен өткенше.
Мен сені сүйем,
Жүрегімнің дүрсіл үні кеткенше.
Мен сені сүйем,
Махаббаттың биігіне жеткенше.
Мен сені сүйем,
Көрер күнім, соңғы демім біткенше.

 

© Нұржан Арыстанбеков 


newwhiter

Толық тізім